Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Түркістанда 50-ден астам лауазымды азамат жауапқа тартылды
Түркістан облысының прокуратурасы мүдделі органдардың қатысуымен өткен алқа отырысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына жүргізілген талдау нәтижелерін қарады.
Фото: ҚР ІІМ
12:09 05.04.2023
Бас прокуратураның мәліметінше, талдаумен жекелеген тапсырыс берушілердің қызметінде заңдылықты бұзушылықтарға жол берілгенді және уәкілетті орган жұмысының пассивтілігі анықталған.
Мысалы, Ордабасы, Төлеби және Түлкібас аудандарының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері 2 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу шарттарын бәсекелестік емес тәсілмен заңсыз түзген (бір көзден заңсыз өткізген).
Прокурорлардың актілері бойынша 100-ден астам заң бұзушылық жойылды, 7 млрд. теңгеден астам заңсыз мемлекеттік сатып алудың күші жойылды (сатып алу тәсілдерін дұрыс қолданбаған, қатысушыларға артық талаптар қойған).
Ал прокурорлардың шараларымен түрлі жауаптылыққа 50-ден астам лауазымды тұлға тартылып, мемлекеттік бюджетке 15 млн. теңгеден астам қаражат өндірілді.
Алқа отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға осы бағыттағы жұмысты күшейту және тапсырыс берушілерге заңнаманың талаптарын қатаң сақтау тапсырылды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram