{metadescription}
СҚО-да қару-жарақ жасырылған орын табылды

СҚО-да қару-жарақ жасырылған орын табылды

Петропавлда жедел ақпаратты тексеру кезінде қару-жарақ жасырылған орын анықталды.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір полицейлері Петропавлда ұлттық қауіпсіздік және қылмыстық атқару жүйесі комитеттерінің департаменттерімен бірлесіп қару-жарақ жасырылған орынды тапты.

Қару-жарақ оралған қара кенеп қапшық скотчпен оралып, Петропавлдағы Жұмысшы кентінің шетінде жасырылған.

Ораманың ішінде аңшы шолақ мылтығы, болжам бойынша Байкал маркалы тапанша, белгісіз маркалы револьвер, РГД-5 гранатасының муляжі болған.

Бұдан бөлек, тегіс ұңғылы және иір ойықты қарудың оқ-дәрілері: 7,62 мм 30 патрон, 16-шы калибрлі 53 патрон, 12-ші калибрлі 2 патрон, 5,6 мм 6 патрон, 9 мм 145 патрон алынды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

«Қару мен оқ-дәрілер тәркіленіп алынды. Олар сот-баллистикалық сараптамасына жіберіліп, атуға жарымдылығы және жасалған қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріледі. Сондай-ақ қару мен оқ-дәрілерді заңсыз пайдаланған адамды анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - дейді тәртіп сақшылары.

ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстың осы түріне 5 мың АЕК дейін айыппұл салудан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Дереккөз: polisia.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде