Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Таразда пластмасса қалдықтары өңделуде
Таразда еріктілер тобы пластмасса бөтелкелер мен қалдықтарын жинаумен айналысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15:13 05.04.2023
Бүгінде полигонға төгілетін қоқыстардың ең көбі қағаз қалдықтары болса, екінші орында пластмасса бөтелкелер екен. Сарапшылардың пікірінше, Таразда арнайы пластмасса қалдықтарын тастайтын жәшіктер өте аз. Ал, оның қоршаған орта мен адам денсаулығына тигізер зияны орасан.
Осыны ескерген студенттерден құралған еріктілер тобы «Пластмассаның жаңа өмірі» атты жоба ойлап тапты. Жоба жетекшісі Самат Есенбектің айтуынша, олар жиналған пластмассадан түрлі көрнекілік бұйымдарды жасап шығарады.
«Біздің пластмасса қалдықтарынан жасаған бұйымдарымызды бүгінде оқушылар логика, еңбекке баулу, дене шынықтыру, математика пәндерінде пайдаланып жатыр. Тіпті, жасалған кей заттарымызды балабақша, тұрғын үй аулаларына қоюға болады.
Біз сондай-ақ, осы тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныстарымызды да әзірледік. Онда өндіріс орындары мен аулаларға арнайы жәшіктер орнатып, қалдықсыз технологияға көшу жолын көрсеттік», – дейді жоба жетекшісі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram