{metadescription}
Ақтауда тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан тақтай лақтырған адамға айыппұл салынды

Ақтауда тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан тақтай лақтырған адамға айыппұл салынды

Ақтауда 58 жастағы ер адам тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан тақтай лақтырған.

Оның бұл әрекетін көргендер тәртіп сақшыларына шағымданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Полиция қызметкерлері 58 жастағы күдіктіні ұстап, оған әкімшілік хаттама толтырды. Сондай-ақ, оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады», - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі бастығының м.а. Айгерім Ибатуллаева.

Оқиға қаланың 11-шағын ауданы 19-үйінде болған. Айта кетсек, бұған дейін осы шағын аудандағы көпқабатты үйлердің бірінің алтыншы қабатынан 39 жастағы ер адамның үстіне диван құлаған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде