Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Әуе рейстерін кешіктірген компанияларға 25 млн теңге айыппұл салынды
2022 жылы 78,4 мың әуе рейсінің ішінен 5 мыңнан астамы тоқтатылған. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: debati.bg сайтынан алынды
18:17 05.04.2023
Осы орайда ол 2,1 мың рейс операциялық себептер бойынша, 2,9 мыңы коммерциялық жағдайға қатысты тоқтағанын айтты.
Вице-министрдің сөзіне қарағанда, былтыр әуе рейстерінің тұрақтылығы 74 пайызды құраса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 82 пайыз болған. 2022 жылы рейстердің кешігуінің негізгі себептері ретінде техникалық жағдай (13%), жолаушыларға қызмет көрсету, багаж және жүкті ұзақ түсіру (16%), климаттық жағдайлар (8%), адами факторы – экипаждың жетіспеуі, шекара әрі кедендік бақылау және басқа да оқиғалар әсер еткен.
«Әуе көлігімен тасымалдаушының кінәсі дәлелденсе, біз әкімшілік жауапкершілікке тартамыз. 2022-2023 жылдары жалпы сомасы 8200 АЕК-ті (25,2 млн теңге) құрайтын 9 әкімшілік айыппұл салынды», - деді министрдің орынбасары.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram