Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жетісу облысында мас жүргізушінің кесірінен жолаушы мерт болды
Жетісу облысында көлікті ішімдік ішіп алып жүргізген адамның кесірінен жолаушы мерт болды.
Фото: ашық дереккөзден
08:09 06.04.2023
4 сәуірде Панфилов ауданында Mitsubishi Galant автокөлігі көлік апатына ұшырады. Жапондық шетел көлігінің 32 жастағы жүргізушісі Пенжім-Ынтымақ автожолында рульді басқара алмай, жол бойындағы бетон қоршауларына соғылған.
Ауруханаға жеткізілген кезде көліктегі 37 жастағы жолаушы қайтыс болды. Автокөлік жүргізушісі жеңіл жарақат алып, медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді.
«Анықталғандай, жүргізуші автокөлікті мас күйінде басқарған. Бұл медициналық куәландырумен расталады. Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК 345-1-бабының 3-бөлігіне сәйкес (Абайсызда адам өліміне алып келген, алкогольдік масаң күйде КК басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) жүргізілуде. Апатқа кінәлі адамды қамауға алу мәселесі қарастырылуда», - деді Панфилов аудандық полиция бастығының орынбасары Ернар Қалтаев.
Жыл басынан бері облыста мас жүргізушілердің кесірінен 4 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 1 адам қаза тауып, 4 адам зардап шекті.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Серіктестер жаңалықтары