{metadescription}
Президент қорғаныс министрінің орынбасарын қызметінен босатты

Президент қорғаныс министрінің орынбасарын қызметінен босатты

Бауыржан Тортаев Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Қадырұлы Тортаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», - деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Айта кетейік, Бауыржан Тортаев 1967 жылы 18 қыркүйекте Семей қаласында туған. 1991 жылы Мәскеу мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

1991-1995 жылдары коммерциялық құрылымдарда қызмет еткен.

1996-1997 жылдары – Семей облыстық экономика басқармасының бас маманы;

1997-1998 жылдары – Семей қаласы әкім аппараты құрама экономикалық бөлімінің консультанты;

1998-1999 жылдары – Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы бастығының орынбасары;

1999-2002 жылдары – Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы ақпараттық-статистикалық орталығының бастығы;

2002-2008 жылдары – ҚР Статситика агенттігі төрағасының статистика бойынша орынбасары;

2008-2010 жылдары – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры;

2010-2011 жылдары – ҚРЭкономикалық даму және сауда министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры;

2011-2017 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2017-2019 жылдары – ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;

2019 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.