Су тасқыны: Ақтөбе облысының Ойыл, Қобда аудандарында шығын есептелуде
Ақтөбе облысының Ойыл және Қобда аудандарында су тасқынынан кейінгі залал шығыны есептеліп жатыр.
Фото: aqmeshit-aptalygy.kz сайтынан
17:39 06.04.2023
Қазір Ойылдағы жалпы шығын шамамен 31 млн теңгені құрап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қобда ауданында 14 наурыз күні, Ойыл ауданында 20 наурыз күні төтенше жағдай жарияланды. Облыс әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, төтенше жағдай режимі әлі алынбады.
«Қазіргі кезде екі ауданда да шығын есептеліп жатыр. Ойыл ауданында шығын 31 млн теңге болды. Дегенмен комиссия жұмысы әлі толық аяқталған жоқ. Сондықтан шығын көлемі артуы мүмкін», - деп хабарлады облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметкері Ержан Байтанаев.
Айта кетейік, Ойыл ауданында барлығы 11 үйге, 12 аулаға су кірген. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов үйі су астында қалған 11 отбасына 500 мың теңгенің сетификатын табыстады. Шығын есептелген соң мемлекеттен қаржылай көмек алады. Ал Қобда ауданында 70-тен астам үйге су кірді. Онда баспанасы құлаған және апатты жағдайға түскен 24 отбасына үй салу жұмысы жүріп жатыр.
Құрылыс маусым айына дейін аяқталып, қолданысқа берілмек. Биыл көктемгі су тасқыны кезеңінде респуликалық 5, облыстық және аудандық маңызы бар 7 жолды су басып қалды. Салдарынан бірнеше ауылға қатынас уақытша шектелді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!