Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Израильге Ливан аумағынан 34 зымыран ұшырылған
Ливан аумағынан бейсенбі күні Израильге кем дегенде 34 зымыран жіберілген, олардың 25-ін Әуе шабуылына қарсы қорғаныш (ӘШҚ) жүйесі тоқтатса, 5-еуі Израиль аумағына құлаған.
Фото: inform.kz
08:17 07.04.2023
Бұл туралы Израиль Қорғаныс әскерінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Батыс Галилеи ауданында (Израильдің солтүстігінде Ливанмен шекарада) естілген сиреналар туралы ақпараттардан кейін, алғашқы тергеу Ливан аумағынан Израильге ұшырылған 34 зымыранды анықтады. 25 зымыранды Израиль Қорғаныс әскерінің ӘШҚ жүйесі тоқтатты. Бес зымыран Израиль аумағына құлады. Қалған төртеуіне келер болсақ, олардың қайда түскені туралы ақпарат нақтыланып жатыр», - делінген мәлімдемеде.
Баспасөз қызметі «бұл қорытынды дерек емес екенін» атап өтті.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram