Үкіметте мұнай-газ саласының объектілерін мемлекет меншігіне қайтару барысы талқыланды
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін, Қаржылық мониторинг агенттігінің және басқа да ведомстволар басшылығының қатысуымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.
Фото: primeminister.kz
09:52 07.04.2023
Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты хабарлайды.
Қатысушылар мұнай-газ саласының маңызды инфрақұрылымдық объектілерін мемлекет меншігіне қайтару барысын, теміржол жүк тасымалы нарығындағы жасанды монополияларды жою жөніндегі шараларды және астық тасымалдау нарығы субъектілерінің жауапкершілігін арттыру тетіктерін талқылады.
Премьер-Министр алдағы уақытта нақты экономикалық нәтижелерге қол жеткізу үшін басталған істер бойынша рәсімдерді және жалпы экономиканың негізгі секторларын демонополизациялау қарқынын жеделдетудің маңызын атап өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!