{metadescription}
Шымкентке бара жатқан FlyArystan ұшағы Алматыға қонды

Шымкентке бара жатқан FlyArystan ұшағы Алматыға қонды

FlyArystan компаниясының «Ақтау – Шымкент» бағытындағы ұшағы Шымкент әуежайындағы ұшу-қону жолағында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмысына байланысты Алматыға қонуға мәжбүр болды.

Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Әуекомпанияның мәліметіне сенсек, ұшақ Алматыға қонған соң 15 жолаушы борттан шығудан бас тартқан.

Осыған байланысты FlyArystan өкілдері полиция қызметкерлерін шақыруға мәжбүр болды.

«Бұл жағдайда рейстің кешігу себебі әуе компанияның кінәсінен болған жоқ. Әуе компанияның еш қатысы жоқтығына қарамастан, біз KС7578 Ақтау – Шымкент рейсінің жолаушыларына Алматыға ұшып келген кезде ыстық тамақ пен сусын бердік. Жолаушыларды түсіру кезінде 15 жолаушы әуе кемесінен түсуден бас тартты, осыған байланысты полиция шақыруға мәжбүр болдық», - деп хабарлады FlyArystan баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.