{metadescription}
Осы айда Атыраудағы екі ауылдық округтің әкімі сайланады

Осы айда Атыраудағы екі ауылдық округтің әкімі сайланады

Сәуірде Атырау облысына қарасты 2 ауылдық округтің әкімі сайланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңір әкімдігінің ресми сайтында жарияланған хабарламада жазылғандай, Индер ауданы Бөдене ауылдық округі әкімінің өкілеттігі 4 мамырда, ал Махамбет ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің өкілеттігі 19 мамырда аяқталады.

Осыған байланысты 23 сәуірде аталған елді мекендердің әкімдерін сайлау өтеді.

Бұған қоса, таяуда мұнда мерізімінен бұрын тоқтатылған 4 және өкілеттік мерізімі аяқталатын 2 ауылдық округ әкімдерін сайлау өтуі мүмкін. Әзірге оның мерзімі белгіленген жоқ.

Қоса кетейік, бұған дейін Түркістан мен Ақтөбе облыстарындағы елді мекендерде де әкімдер сайлауы өтетінін хабарлап едік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде