Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бояу материалдары тиелген жүк көлік жарылды, 6 адам ауруханада
Өзбекстанда лак-бояу материалдары тиелген жүк көлігі аударылып, 6 адам зардап шекті, 1 адам қаза тапты.
16:48 07.04.2023
«Бүгін сағат 11:10 кезінде «Ташкент – Ош» халықаралық тас жолының Қамшық асуына түсетін 259-шақырымында жүк көлігі мен 3 жеңіл көліктің қатысуымен жол апаты болды. Салдарынан лак-бояу өнімдері тиелген жүк көлігі жанып, жарылды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру және құтқару жасағы оқиға орнына дереу жетіп, 25 минутта жалынды сөндірді. Оқиға салдарынан зардап шеккен 6 адам жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізілді. Өрт толығымен сөндірілгеннен кейін жүк көлігінде жүргізуші қаза тапқаны белгілі болды», - делінген министрлік хабарламасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram