{metadescription}
Балқаш төртінші күн сусыз отыр: Құбырдан тағы ақау шықты

Балқаш төртінші күн сусыз отыр: Құбырдан тағы ақау шықты

Балқаш тұрғындары төртінші тәулік сусыз отыр. Кеше жергілікті әкімдік қала бойынша су беру басталатынын айтқан болатын. Алайда кезекті апатқа байланысты халық ауызсуға әлі қосылған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Балқаш сорғы станциясы аумағындағы магистральдық су құбырында ірі апат 4 сәуірде болған еді.

Кеше әкімдікте мамандар диаметрі 800 мм негізгі құбырдан диаметрі 400 мм ағызу құбырында ысырманы бөлшектегенін және жөндеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады. Қала билігі су кезең-кезеңімен беріле бастайды деп уәде берді.

Бүгін Балқаш қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 6 сәуірде қалалық резервуарлар таза сумен толтырыла бастағанын, алайда айдалатын су көлемі ұлғайған кезде бас сорғы станциясында ысырма кептеліп қалғанын хабарлады.

«Магистральдық құбырдағы су соққылары мен екпіндерді болдырмау мақсатында Тоқырау бас сорғы станциясынан қаланың таза су резервуарларына су беру біртіндеп ұлғайтыла отырып жүргізілді. Су беру көлемінің кезекті ұлғаюы кезінде негізгі сорғы станциясында диаметрі 500 мм ысырманың кептелуі орын алды. Бұл бізге жұмыс параметрлеріне шығуға мүмкіндік бермей жатыр», – делінген хабарламада.

Ауызсусыз қалған қала тұрғындары үшін төрт су таситын көлік жұмыс істеуде. Олардың бірі – Қоңырат шағынауданында, екіншісі – Балқаш станциясында, тағы екеуі барлық шағынаудан бойынша жүреді.

Айта кетейік, облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «Балқаш су» басшысының атқарып отырған лауазымына сәйкестігін қарастыру туралы тапсырма берді. Сондай-ақ апатқа байланысты қызметтік тергеу жүргізуді тапсырды. Ол оқиғаның себептерін анықтауды және мұндай жағдай қайталанбауы үшін барлық қажетті шараны қабылдауды талап етті.

«Балқаш су» басшылығы өзінің қабілетсіздігін көрсетті деп санаймын. Белгілі болғандай, қақпа клапаны осы уақытқа дейін суда тұрған. Неге тексерілмеген? Басшының атқаратын лауазымға сәйкестігін қарастыруды тапсырамын. Қызметтік тергеу жүргізіңіздер. Жобаны көтеріңіздер, егер қателер болса, бәрін түзету керек. Барлығын бірнеше рет тексеріңіздер. Әрекет етіңіздер!», - деді облыс әкімі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде