Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тәжікстан азаматы Астанада терроризмді насихаттағаны үшін сотталды
Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының Тәжікстан Республикасының 26 жастағы азаматына қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы күрес орталығының баспасөз қызметі.
10:48 08.04.2023
Белгілі болғандай, халықаралық лаңкестік ұйымдардың идеологиясын насихаттағаны үшін сотталған «М» өз бетінше астаналық діндарларды «қарулы жиһадқа» қатысуға үндеген.
Сонымен қатар, ол өз әрекетінің заңсыздығын түсініп, лаңкестерге қаражат жіберген.
Елордалық соттың үкімімен шетел азаматы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256 және 258-баптары «Терроризмді насихаттау», «Терроризм қызметін қаржыландыру» бойынша кінәлі деп танылып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram