Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Павлодарда мас жүргізуші бірнеше жол апатына түрткі болды
8 сәуірде таңғы 05:30 шамасында Ломов көшесінде кран көлігі полиция қызметкерлерінің күдігін тудырған. Полиция қызметкерлері тоқтауын сұрағанда ол қашып, бірнеше жол апатына түрткі болды. Салдарынан патрульдік полицияның төрт көлігі мен Toyota Avalon зардап шекті.
Фото: Zakon.kz
12:34 08.04.2023
Полиция мәліметінше, ол рөлге ие бола алмай, аудырлған кезінде Кіші айналма көшесінде ұсталды. 1999 жылғы жүргізуші Павлодар қаласының тұрғыны болып шықты. Медициналық куәландыру оның мас күйінде болғанын растады.
"Жүргізушінің көлікті ұрлағаны анықталды, жүргізуші куәлігі болмаған. ҚР ҚК 200-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 608 -бабы 6-бөлімі, 611-бабы 2-бөлімі, 613-бабы 3-бөлімінің 1-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материалдар сотта қаралады", - деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Павлодар облысының ПД қызметтік автокөлікке келтірілген материалдық залалды өтеу туралы азаматтық тәртіпте сотқа жүгінуді жоспарлап отыр.
Дереккөз: Zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram