{metadescription}
БҚО-да бұрынғы әйелін пышақтап тастаған күдікті іздестіріліп жатыр

БҚО-да бұрынғы әйелін пышақтап тастаған күдікті іздестіріліп жатыр

Бұрынғы әйеліне бірнеше рет пышақ сұққан БҚО тұрғынына іздеу жарияланды.

Ақпаратты Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері растады. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға Бәйтерек ауданы орталығы Переметный ауылында болды. 

«8 сәуір күні сағат 01.40-та 1990 жылғы ер адам кафелердің бірінің маңында өзінің 28 жастағы әйеліне көптеген пышақ жарақатын салған. Содан кейін оқиға орнынан бой тасалаған. Зардап шеккен әйел Бәйтерек аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Қазіргі кезде күдіктінің жүрген жерін анықтау мақсатында жедел іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Бұған полицияның барлық күші жұмылдырылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіруге оқталу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деп хабарлады ведомстводан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде