Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Президент Гурбангулы Бердімұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовке анасы Огулабат Бердімұхамедованың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Фото: Akorda.kz
09:14 09.04.2023
«Анаңыз – қадірлі Огулабат Бердімұхамедованың қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Огулабат эдженің өмір жолы өз Отанына және халыққа деген шынайы сүйіспеншіліктің, сондай-ақ даналықтың, рухани байлықтың және үлкен мейірімділіктің үлгісі саналады. Орны толмас қайғыңызға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге және жақындарыңызға көңіл айтамын», – деп жазылған жеделхатта.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке көңіл айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram