Алматылық құтқарушылар туристерді әзірге тауға шықпауға шақырды
Ащматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті туристерді тауға барудан бас тартуға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
08:01 09.04.2023
Алматы қалалық ТЖД «Қазгидрометтің» дауылды ескертулері негізінде 8- 12 сәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты, қар көшкіні қауіпі сақталатынын хабарлады.
«Сондай-ақ, 8 сәуірде тауларда қатты жауын шашын, батыстан екпіні секундына 17-22 метр жел соғады. Осыған байланысты қар басқан беткейлерге шығудан және тауға барудан бас тартқан дұрыс», - деп хабарлады ведомствода.
Сондай-ақ ведомствода егер тауда көмек қажет болған жағдайда 112, 109 немесе 8 (727) 372 -15-60 ( «ҚР ТЖМ Республикалық жедел құтқару жасағы «ММ кезекші-диспетчерлік бөлімшесі) қызметтеріне қоңырау шалу қажет екенін жеткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!