{metadescription}
Жаркентте мектеп мұғалімі әріптесінің көлігін ұрлады деген күдікке ілінді

Жаркентте мектеп мұғалімі әріптесінің көлігін ұрлады деген күдікке ілінді

Жетісу облысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өз әріптесінің автокөлігін ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция мәліметінше, бұл факт Жаркент қаласында тіркелген.

6 сәуірде аудандық полицияға Mazda-626 көлігі ұрланғаны хабарланды.

Көліктің иесі мектеп мұғалімі болып шықты, ол байқаусызда кілтті көлікте қалдырған, соны белгісіз адам пайдаланып, оны айдап кеткен.

Іздеу шаралары барысында патрульдік полиция қызметкерлері ұрланған көлікті қала шетіндегі үйлердің бірінен тауып, заңды иесіне қайтарды.

Күдікті де жәбірленушіні сияқты білім мекемесінің қызметкері, оның әріптесі болып шықты. Жергілікті мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді.

Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК 200-бабына сәйкес жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.