Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде жетінші орында келеді
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті.
Фото: ktf.kz
10:53 10.04.2023
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, еліміздің көшбасшы ойыншысы Елена Рыбакина бұрынғыша жетінші орында келеді. WTA чемпиондық кестесінде Елена екінші сатыда тұр.
Әлемдік рейтингіде Юлия Путинцева 47-ден 45-ке көтерілді. Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 26-орнын сақтап қалса, Жанель Рүстемова 972-сатыға шықты.
WTA рейтингісі. 10 сәуірдегі нәтиже мынадай:
7 (0). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 4305,
45 (+2). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 1235,
427 (+14). Жібек Құламбаева (Қазақстан) – 112,
463(-10). Гөзал Айнитдинова (Қазақстан) – 96,
1111 (+24). Аружан Сағындықова (Қазақстан) – 10.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram