Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жыл басынан бері 4,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 4 575 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
11:00 10.04.2023
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (52,4%) Өзбекстаннан келген. 19,3%-ы Қытайдан, 6,3%-ы Түрікменстаннан, 5,3%-ы Моңғолиядан, 13%-ы Ресейден және 3,7%-ы басқа елдерден оралды. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,9%), Маңғыстау (13,9%), Түркістан (6,8%) және Жамбыл (5%) облыстарына, Алматы (9,0%), Астана (11%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды.
Осы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,3% және зейнеткерлер 8,6% болды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 18,5%-ы жоғары білімді, 39,9%-ы орта кәсіби білімді, 36,7%-ы жалпы орта білімді және 4,8%-ының білімі жоқ.
Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 111,1 мың этникалық қазақ оралды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram