{metadescription}
Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам көз жұмып, үшеуі ауруханаға түсті

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам көз жұмып, үшеуі ауруханаға түсті

 Ақтөбе облысында екі көліктің бетпе-бет соқтығысуынан екі адам көз жұмып, үш адам ауруханаға түсті. 

Оқиға Жаңажол-Сарыкөл автожолында (Сарыкөл ауылынан 4 км қашықтықта) болған. Lada Priora автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, 68 жастағы жүргізуші отырған Renault Daster автокөлігімен соқтығысты.

Жол-көлік апаты салдарынан Lada жүргізушісі оқиға орнында қаза болды. Екінші көліктің жүргізушісі алған жарақаттарынан Кеңқияқ ауылы ауруханасының қабылдау бөлімінде көз жұмды.

Lada-да болған бір жолаушы мен Duster көлігіндегі үш жолаушы (екеуі кәмелетке толмағандар) Кеңқияқ ауылының ауруханасына жатқызылды.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде