Қазақстандық сейсмологтар Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 10 сәуір күні Алматы уақытымен сағат 09:31-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: pixabay.com
12:15 10.04.2023
«Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 430 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты - 10.1. MPV магнитудасы - 4,5. Эпицентр координаттары - 42,04 с.е.°, 81,15° ш.б. Тереңдігі - 10 км. Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ», - делінген кезекші оператор хабарламасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!