{metadescription}
Атырауда 16 жастағы қыз төрт күннен бері табылмай жатыр

Атырауда 16 жастағы қыз төрт күннен бері табылмай жатыр

Атырауда 16 жастағы қыз 4 күннен бері табылмай жатыр.

Ол 6 сәуірде үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атырау облыстық Төтенше жағдайлар депаратментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, іздестіру 7 сәуірден бері жүргізіліп жатыр. 

«Атырау қаласының 2007 жылы туған тұрғыны 6 сәуір күні ата-анасына ескертпей, үйінен белгісіз бағытқа шығып, кері оралмаған. Осыған байланысты Төтеншеше жағдай департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің құтқарушылары Жайық өзенінде су астынан іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Су астынан іздестіру жұмысына жедел құтқару жасағынан 10 адам, 1 техника мен 2 жүзу құралы, Полиция департаментінен 5 адам, 1 техника тартылған. Құтқарушылар мен полицейлерге еріктілер, жергілікті тұрғындар көмектесіп жатыр.

«Атырау облысының тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз. Әсіресе, балаларды назардан тыс, қараусыз қалдырмаған жөн», - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде