{metadescription}
Петропавлда жолаушы автобус жүргізушісін буындырған

Петропавлда жолаушы автобус жүргізушісін буындырған

Петропавл қаласында жол ақысын төлемей автобустан түсіп кетпек болған жолаушы жүргізушіні мойнынан буындырған.

Сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиға 8 сәуір күні сағат 19:30 шамасында болған. 5 «М»бағытындағы автобуста келе жатқан жолаушы өз аялдамасын өткізіп алып, жол ақысын төлеместен түсіп кетпек болған. «Автобус Қизатов көшесіндегі аялдамада тоқтап тұрған кезде ер адам жүргізушімен және басқа жолаушымен жанжалдасып, бұзақылық әрекет жасаған.

Осы факті бойынша облыс орталығының 67 жастағы тұрғыны ұсталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі («Бұзақылық») бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Қазір тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», - делінген полиция мәліметінде.

Әлеуметтік желіде тараған видеода зейнеткер автобус жүргізушісін буындырып, тағы бір жолаушыны кеудесінен теуіп жатқанын көруге болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде