{metadescription}
Асхат Жіткеев халықаралық дәрежедегі төреші атағын алды

Асхат Жіткеев халықаралық дәрежедегі төреші атағын алды

Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жіткеев халықаралық дәрежедегі төреші атағын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 4-9 сәуір күндері Алматы төрінде дзюдодан IJF мамандарының қатысуымен құрлықтық және халықаралық дәрежедегі төрешілерге арналған семинар-емтихан өтті. 18 елден жиналған мамандар білімдерін жетілдіріп, Халықаралық дзюдо федерациясының сертификаттарымен марапатталды.

Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жіткеев бірнеше кезеңнен тұрған емтиханнан сүрінбей өтіп, IJF Continental – құрлықтық дәрежедегі төреші атағын алды. Бұл санаттағы төрешілер құрлықтық додаларда, яғни Азия ойындары, Азия кубогі және Азия чемпионаты жарыстарында төрелік ету құқығына ие.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.