Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы жылынады
«Қазгидромет» РМК 11-13 сәуір күндері ел өңірлерінде қалыптасатын ауа райына болжамын ұсынды.
Фото: Zakon.kz
14:08 10.04.2023
«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы күн райы болжануда. Жауын-шашын күтіледі. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 11 сәуірде күні бойы, 12 сәуірде түнде кей уақытта жауын (жаңбыр, қар) қатты жаууы ықтимал.
Скандинавия аймақтарынан солтүстік-батыс антициклонының басып кіруінен еліміздің солтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде 5-10 градусқа дейін төмендейді», - делінген синоптиктер мәліметінде.
Дегенмен, күндіз ауа температурасы біртіндеп жоғарылайтыны болжанады. 13 сәуірде термометр бағанасы республиканың солтүстік жартысында 10-18 градусқа, оңтүстікте 17-30 градусқа дейін жетеді. Республикада бойынша тұман, екпінді жел, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл, найзағай, солтүстікте көктайғақ болжанады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram