Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
СІМ Оңтүстік Кореяға заңсыз кірген екі қазақстандықтың ісіне қатысты түсінік берді
Қазір Оңтүстік Кореяға заңсыз кірген жерлестеріміз тергеу изоляторында қамауда отыр.
Фото: © РИА Новости, Табылды Кадырбеков
17:24 10.04.2023
Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі жергілікті құқық қорғау органдары және ұсталған қазақстандықтардың туыстарымен тұрақты байланыста. Толығырақ Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2023 жылғы 24 наурызда Инчхон әуежайында паспорттық бақылау өту барысында Ташкенттен келген 2 Қазақстан азаматына Оңтүстік Кореяға кіруге бас тартылды. Олар депортациялауды күту үшін арнайы бөлмеге орналастырылған. Алайда отандастарымыз түнде қашып, Оңтүстік Корея аумағына заңсыз кірген. 26 наурызда бір Қазақстан азаматы ұсталды, ал 29 наурызда екінші қазақстандық кінәсін мойындап, полицияға өз еркімен берілді»,- деді Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингіде.
Оның айтуынша, қазір жерлестеріміз Инчхон қаласында көші-қон орталығындағы тергеу изоляторында қамауда отыр.
«Оңтүстік Корея елінің заңнамасына сәйкес, тергеу шаралары 3 айға дейін созылуы мүмкін. Тергеу мүддесі үшін Оңтүстік Кореяның құзыретті органдары істің егжей-тегжейін ашпай отыр», - дейді ол.
Сондай-ақ, СІМ ресми өкілі Корея Республикасы аумағына заңсыз кірген отандастарымызға бірнеше айыптың тағылып отырғанын айтты.
«Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі жергілікті құқық қорғау органдары және ұсталған қазақстандықтардың туыстарымен тұрақты байланыста. Естеріңізге сала кетейік, Корея Республикасында жұмыс беруші рәсімдейтін арнайы рұқсат пен визаның болуы негізінде ғана жұмыс істеуге болады. Жұмысқа тұрудың басқа жолдары заңсыз екенін ескертеміз», - дейді СІМ ресми өкілі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram