Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен келіссөздерді жоғары бағалады
Қазақстан мен Әзербайжан сауда-экономикалық салада өзара тиімді негізде ынтымақтасады.
18:11 10.04.2023
Бұл туралы Ақордада Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Бүгін өткен толықформатты келіссөздердің нәтижелерін жоғары бағалаймын. Бұл екіжақты байланыстарды жан-жақты нығайтуға деген өзара көзқарасымызды тағы да растады. Біз сенімді жағдайда ынтымақтастығымыздың барлық аспектісі бойынша пікір алмастық. Екі елдің өзара іс-қимылын одан әрі тереңдетудің перспективалары мен бағыттарын талқыладық. Біздің ортақ күш-жігеріміздің арқасында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынас соңғы жылдары одан да ашық әрі жан-жақты сипатқа ие болды. Саяси және сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жанданды», - деді Мемлекет басшысы.
Президент бүгін қол қойылған бірқатар жаңа келісім екі елдің көпқырлы серіктестігіне тың серпін беретіндігін баса айтты.
«Қазақстан мен Әзербайжан сауда-экономикалық салада өзара тиімді негізде ынтымақтасады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram