Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Мұнай компаниясының акциясын сатып алмақ болған ақтөбелік 16 млн теңгесінен айырылды
Ақтөбелік әлеуметтік желідегі жарнамаға алданып, бар жинағынан айырылды. Тіпті бейтаныс адам несие рәсімдеп жіберген, деп хабарлайды ҚазАқПарат.
09:14 11.04.2023
Ақтөбе қаласының полиция басқармасына қала тұрғыны арыз түсірді. Ол мұнай компаниясының акциясын сату туралы жарнаманы көріп, сілтеме арқылы өзі туралы деректерді қалдырған.
Кейін бейтаныс адам байланысқа шықты.
Бейтаныс адам оның деректерін алған және банктердің бірінің қосымшасы арқылы жинақ депозитіндегі бар қаржыны иемденген. Тіпті несие рәсімдеген. Шығын 16 миллион теңгеден асты.
«Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақтөбе облысы полиция департаменті банк карталарының деректерін сайттарға енгізу қауіпті екенін еске салады. Ақшаны криптовалютаға, акцияларға, бағалы металдарға және т.б. инвестициялау арқылы үлкен дивиденд уәде беретін күмәнді жобаларға ақша салуға болмайды. Егер осы жолды таңдасаңыз шолу жүргізіп, пікірлерді оқып шығыңыз»,- дейді Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметініе жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Еске салсақ, мемлекетке 200 млн теңгеге жуық шығын келтірді деп айып тағылған «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік коропорациясының бұрынғы басқарма төрағасы Ермек Имантаевті қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды.
Іс әлі сотқа жетпеді. Тергеуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті жүргізіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram