{metadescription}
Қытай аумағын құмды дауыл басты

Қытай аумағын құмды дауыл басты

Ауа райы қауіптілігінің көк деңгейі жарияланды,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚХР Орталық метеорология қызметінің мәліметі бойынша, 11-12 сәуір күндері құмды және шаңды дауыл Шыңжаң, Ішкі Моңғолия, Хэбэй, Шаньси, Шэньси, Хэнань, Ляонин, Цзилинь, Хэйлунцзян, Аньхой, Цзянсу, Хубэй провинцияларында, сондай-ақ Бейжің, Тяньцзинь және Шанхай сынды мегаполистерде көтеріледі деп күтілуде.

Ішкі Моңғолияның орталық бөлігінде құмды дауыл қатты соғуы ықтимал. Ауаның ластануы Қытай астанасының бірқатар аудандарында денсаулыққа «қауіпті» деп бағаланды. РМ10 бөлшектерінің концентрациясы 1000 мкг/текшеден асады.
Метеорологтар сәрсенбі күні таңертең жағдай жақсарып, ауаның ластану деңгейі біртіндеп төмендейтінін айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.