Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ұсақ-түйек демей, қауіп-қатердің барлығын мұқият ескеру керек - Үкімет басшысы
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Энергетика министрлігіне алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: primeminister.kz
12:08 11.04.2023
«Энергетика министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, жоспарланған іс-шаралардың толықтай іске асырылуын және алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын қамтамасыз етуі тиіс. Туындаған барлық мәселені жылыту маусымына дейін созбай, жедел шешу қажет. Ұсақ-түйек демей, қауіп-қатерлердің барлығын мұқият есептеу керек», - деді Әлихан Смайылов бүгін Үкімет отырысында.
Осы ретте Премьер-Министр өзінің бірінші орынбасары Роман Склярға жылыту маусымына қатысы бар министрліктер мен әкімдіктердің, холдингтер мен компаниялардың арасындағы үйлестіру жұмыстары барынша тиімді жүргізілуі тиістігін ескертті.
«Мәселе өзімнің жеке бақылауымда болады», - деп атап өтті Үкімет басшысы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram