{metadescription}
Күнсұлу Закария Ұлттық ғылым академиясының президенті болып тағайындалды

Күнсұлу Закария Ұлттық ғылым академиясының президенті болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Күнсұлу Дальтонқызы әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі, Ресей Жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі, СOVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in ( QazVac) қазақстандық вакцинасының әзірлеушісі.

Ол биологиялық қауіпсіздік, биотехнология және микробиология саласындағы мойындалған маман ретінде белгілі.

К.Закарияның жетекшілігімен биотехнология, биологиялық қауіпсіздік және микробиология саласындағы құрамына 200-ден аса ғылыми жоба мен 22 халықаралық жоба кіретін 10 ғылыми-техникалық бағдарламаның орындалуын үйлестіру, мониторинг және бақылау жүзеге асырылды.

Оның ішінде «Қазақстан Республикасының ветеринариялық қауіпсіздігі: эпизотологиялық мониторинг, аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алуға және диагностикаға арналған арнаулы құралдардың сынағы, енгізілуі және коммерциализациясы» ҒТБ;

«Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі: қауіпті бағалау; оны ескерту мен жоюдың ғылыми-теникалық негіздері» ҒТБ, «Возраждение» аралы аумағының қазақстандық бөлігін шаруашылық айналымға қосуды ғылыми-практикалық сүйемелдеу» ҒТБ, «COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірлеу» ҒТБ-ға жетекшілік етті.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде