{metadescription}
Ұлттық экономика вице-министрі Өсеров үйқамаққа алынды

Ұлттық экономика вице-министрі Өсеров үйқамаққа алынды

Алматы қаласының соты ұсталған Ұлттық экономика министрінің орынбасары Ілияс Өсеровті 2 ай мерзімге үйқамаққа алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Алматы сотының баспасөз қызметі.

«10 сәуірде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен күдікті І. Өсеровке қатысты 2 ай мерзімге үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы Алматы қаласы прокурорының орынбасары келіскен өтініш келіп түсті», - делінген хабарламада.

«Өтініш қанағаттандырылды. Күдіктіге қатысты екі ай мерзімге, яғни 2023 жылғы 10 маусымға дейін бұлтартпау шарасы қолданылды», - дейді соттан.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде