{metadescription}
Шымкент пен Үндістанның Дели қаласының арасында ұшақ қатынайтын болды

Шымкент пен Үндістанның Дели қаласының арасында ұшақ қатынайтын болды

Алғаш рет Шымкент пен Үндістанның Дели қаласының арасында ұшақ қатынайтын болды.

Бұл туралы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

«ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Осыған орай алғаш рет Шымкент – Дели – Шымкент жаңа әуе бағыты ашылады. Рейстерді «Fly Arystan» әуе тасымалдаушысы («Эйр Астана» АҚ компаниялар тобы) 2023 жылғы 22 мамырдан бастап «Airbus-320» үлгісіндегі әуе кемесінде аптасына 2 рет жиілікпен орындайды», - делінген хабарламада.Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе қатынасының ұлғаюы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.