Таразда базар өртенді
Таразда «Ауыл-Береке» базарынан өрт шықты.
Фото: ашық дереккөзден
11:14 13.04.2023
Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз хатшысының хабарлауынша, өрт 12 сәуірде сағат 20:04-те Тараз қаласы, Мәмбет батыр көшесінің бойында орналасқан доңғалақ сататын дүнгіршекте болған.
Жалын 60 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндірушілердің бірінші бөлімшесі оқиға орнына сағат 20.07-де жетіп, оттың таралуын 20:29-да тоқтада алды. Сағат 20:35-те төтенше жағдайлар қызметкерлерінің күшімен өрт толықтай сөндірілді. Оны ауыздықтауға 15 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылды.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, өрттің тұтануына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары