{metadescription}
Нұрғали Білісбеков ҰҚК төрағасының орынбасары қызметінен босатылды

Нұрғали Білісбеков ҰҚК төрағасының орынбасары қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының өкімімен Нұрғали Дәулетбекұлы Білісбеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Нұрғали Білісбеков Қазақ химия-техникалық институтын (1985 ж.), Қазақ гуманитарлық заң университетін (2005 ж.) бітірген.

1989-1996 жылдары – мемлекеттік/ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдағы қызметтерді атқарды;

1996-2007 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық лауазымдарда болды;

2007-2009 жылдары – ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары;

2009-2013 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық лауазымдарда қызмет етті;

2013 жылғы наурыздан бастап – ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары.

І, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған.

ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері.

2018 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы берілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.