{metadescription}
Астана әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Астана әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Елорда әуежайы маңында болған өрт оның қызметіне әсер еткен жоқ, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ақпараты бойынша өрт әуе айлағының қызметіне әсер етпеген. Астана әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - делінген комитеттің хабарламасында.

Бұған дейін Астана әуежайы маңында қамыс өртеніп жатқаны туралы хабарлаған едік.

«13 сәуір күні сағат 12:28-де Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімшесі халықаралық әуежай жаққа қарай шақырту бойынша жолға шықты. Оқиға орнына жеткен кезде қураған ағаштар мен қамыстың өртеніп жатқаны анықталды. Өрт шарпыған аумақ шамамен 1 гектар болады», - деп мәлім еткен еді Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.

Ведомствоның дерегінше, қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстарына Астана қалалық ТЖД жеке құрамының 14 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.