{metadescription}
Талайға пана болған «Ана үйі» студенттермен кездесті

Талайға пана болған «Ана үйі» студенттермен кездесті

Бүгінгі таңда қазақ қоғамында өте ауыр мәселенің бірі тастанды балалар мәселесі.

Жыл сайын мыңдаған жас аналар балаларынан бас тартуға мәжбүр осындай қиын жағдайда оларға қолдау көрсететін орталықтардың болуы өте маңызды. Сондықтан да 2013 жылы қазақстандық кәсіпкерлердің бастамасымен «Ана үйі» қоғамдық қоры құрылған болатын. Жобаның мақсаты – жас аналардың жаңа туған сәбилерінен бас тартуға жол бермеу болып табылады. Бүгінде «Ана үйі» – Қазақстанның 18 қаласында жұмыс атқарып келеді.

10 жылдық жұмыс барысында орталық 6 мыңнан астам балалы әйелдерге көмек көрсетті. «Ана үйі» ресурстық орталықтарын балалары бар кәмелет жасына толмаған қыздардан бастап 30 жасқа дейінгі қыз-келіншектер паналай алады. 

Қоғамдық дертке айналған осы мәселенің алдын-алу және жас буынға дұрыс жол көрсету мақсатында 2023 жылдың 13-ші сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шетел филологиясы мен аударма ісі кафедрасыоқытушылары 1-3 курс студенттеріне «Ана үйі»қоғамдық қоры мамандарымен кездесу ұйымдастырды. Қоғамдық қордың мамандары ұйымның негізгі жұмысы туралы баяндап,сондай-ақ  «Ерте жүктіліктің салдары» атты тақырыпта дәріс оқып, студенттерге ерте жүктіліктің зияны мен қауібі жөнінде сөз қозғады. 

Дискуссия барысында мамандар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, сондай-ақ оларды еріктілер ретінде көмек көрсетуге шақырды. Іс-шараның ұйымдастырушылары ф.ғ.к, Байелі Әсел ханым және аға оқытушы Төреханова Рауананың айтуынша жастармен осындай кездесулер ұйымдастыру арқылы оларда дұрыс азаматтық пікір қалыптастыруға, қоғамдық мәселелерді шешуге талпындырып, мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін арттыруға зор үлес қосады. 

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде