Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанның барлық аймағында ауа райы бұзылады
Бүгін Қазақстанның барлық аймағында ауа райы бұзылады, деп хабарлайды Қазгидрометтің болжамы.
08:12 14.04.2023
«Қара теңіз аудандарынан белсенді циклон ел ауа райын ықпал ететін болады – жаңбыр жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта қарға ауысатын жаңбыр күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстікте, солтүстік-батыста – көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстікте – шаңды дауыл, найзағай, батыста, орталықта – найзағай, бұршақ күтіледі.
Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады», - деп жазды синоптиктер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram