Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қар, бұршақ, үсік – Алдағы үш күнге ауа райы
«Қазгидромет» РМК алдағы 15-17 сәуір күндеріне күн райы болжамын ұсынды.
13:41 14.04.2023
Қазақстан аумағы Қара теңізден келетін белсенді, ылғалды циклон мен Скандинавия түбегінен ығысатын суық арктикалық ауа ықпалында болады.
Алдағы күндері құбылмалы күн райы болжанады – жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі.
Батыста жаңбыр, ал солтүстік аймақта жауған жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін, сондай-ақ бұрқасын, көктайғақ және тұман күтіледі. Ертең таңертең еліміздің солтүстік өңірлерінде қар жауып, жел соғады. Оңтүстікте де күн күркіреп, қатты жаңбыр, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.
Республиканың барлық аумағында жел күшейеді, оңтүстікте екпіні 30 м/с және одан жоғары болады. Батыс Қазақстан облысында, 16 сәуірден бастап Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, 17 сәуірден бастап Түркістан облысында түнде үсік жүреді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram