{metadescription}
Қазақстан-Сингапур тікелей әуе рейсін ашу бойынша келіссөздер жүріп жатыр

Қазақстан-Сингапур тікелей әуе рейсін ашу бойынша келіссөздер жүріп жатыр

Қазақстандық тарап Сингапурмен арада тікелей әуе рейсін ашу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Премьер-Министрдің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Сингапурға сапары аясында «Changi Airport Group» компаниясының бас директоры Ли Сеу Хианмен кездесті. Жүздесу барысында Сингапур-Қазақстан тікелей әуе рейсін ашу мүмкіндіктері талқыланды.

Айта кету керек, Changi әуежайы Сингапурдың негізгі әуе қақпасы саналады. Ол - жолаушыларға қызмет көрсету жүктемесі бойынша әлемдегі алтыншы, ал Азия көлемінде екінші әуежай.

Сонымен қатар, кездесу барысында сингапурлық тарап Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың арқасында екі ел арасында қолайлы инвестициялық ахуал орнағанын атап өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.