{metadescription}
Солтүстік Корея жаңа қатты отынды баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді

Солтүстік Корея жаңа қатты отынды баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді

13 сәуірде Солтүстік Корея алғаш рет жаңа «Хвасон-18» қатты отынды құрлықаралық баллистикалық зымыранын ұшырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Корея орталық телеграф агенттігінің хабарлауынша, сынақтар «көрші елдердің қауіпсіздігіне кері әсер еткен жоқ». Зымыранның екі сатысы КХДР шығыс жағалауынан 10 және 335 шақырым қашықтықта теңізге құлаған. Жаңа зымыран елдің «стратегиялық қарулы күштерінің басты құралына» айналуы тиіс екені және тежеу жүйесінде маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

Ұшыруды Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын басқарды. Ол жаңа «Хвасон-18» баллистикалық зымыраны елдің ядролық қарсы соққы беру қабілетін арттыратынын айтты, деп хабарлады жұма күні Кореяның орталық ақпарат агенттігі.

Ким Чен Ын ұшу нәтижелеріне қанағаттанған.

Оның айтуынша, мұндай қару-жарақтың болуы КХДР-ға «ядролық қарсы шабуылды тиімділігін арттыруға» мүмкіндік береді.

Солтүстік Корея «Хвасон-18» зымыранын 13 сәуір таңда сынақтан өткізді. Бұл елде биыл 12-ші рет зымыран ұшырылды, 9 жағдайда Пхенья баллистикалық зымырандарды сынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.