{metadescription}
«Өскемен-Алтай» тасжолында жанармай таситын жүк көлігі аударылып түсті

«Өскемен-Алтай» тасжолында жанармай таситын жүк көлігі аударылып түсті

Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай» тасжолында жанармай таситын жүк көлігі аударылып түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 13 сәуір күні облыстың маңызы бар «Өскемен-Алтай» тасжолының Алтай қаласының маңындағы учаскесінде болған.

«Жанармай таситын «Volvo» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі қауіпсіз жылдамдықты таңдамай, рульді басқара алмай қалған. Соның салдарынан көлік жыраға құлады», - делінген ақпаратта.

Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Айта кетейік, көліктен жерге жанармайдың төгілген-төгілмегені әзірге белгісіз. Облыстық Экология департаментінің мамандары сол жерге барып, тексеру жүргізбек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде