Жетісуда жол апатынан бір адам қайтыс болды
Жетісуда жол апатынан бір адам қайтыс болды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17:58 14.04.2023
Жол апаты Ескелді ауданында болды. Алдабергенов ауылының жанындағы автожолда Toyota Prado мен Toyota Camry соқтығысқан.
«Оқиға орнында жеңіл көлікті басқарған 47 жастағы ер адам қаза тапты. Жол талғамайтын көлік жүргізушісі жолаушысымен бірге ауыр дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өлімге әкеп соқтарған жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!