{metadescription}
Премьер-министр халық алдына шығарда жарылыс болған

Премьер-министр халық алдына шығарда жарылыс болған

Оқиға Вакаяма қаласындағы балықшылар портында болды. Күдікті ұсталған.

15 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 11:30 шамасында Жапония премьер-министрі Фумио Кисида Вакаяма қаласындағы балықшылар портында көпшілік алдына шығып, сөз сөйлеуі керек болған. Осы кезде жарылыс дыбысы естіліп, ақ түтін түзіледі. Полиция мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Ал, жарылғыш зат лақтырған күдікті оқиға орнында ұсталған.

Бұдан бұрын Кисида Вакаямадағы Сайгасаки портында балықтың дәмін татып көрген. Мұнан соң ол Вакаяма 1 округі бойынша палата өкілдерін қосымша сайлауға байланысты сөз сөйлеуі керек еді. Алайда, іс-шара кейінге қалдырылды. Аталған сайлау осы айдың 23-іне өтеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.