{metadescription}
Елордада ғимарат бөлшектері құлап, электр желілерінде апат болды

Елордада ғимарат бөлшектері құлап, электр желілерінде апат болды

Елордалық құтқарушылар кешеден бері 3 мыңнан астам қоңырау қабылдады.

112 желісіне 14 сәуір сағат 14:00-ден бастап әртүрлі сипаттағы 3 мыңнан астам қоңырау түсті. Астана қаласы ТЖД бөлімшелері желдің қатты болуынан металл конструкциялардың, қаптау плиталарының, профпарақтардың құлауы, электр сымдарының тұйықталуы салдарынан 10-нан астам шақыртуға шықты.

Қазіргі уақытта жолдың нашар көрінуіне, қатты жел мен боранға, көктайғаққа байланысты 6 бағыт бойынша көлік құралдарының барлық түрлері үшін республикалық маңызы бар автожолдардағы қозғалыс жабық. Астана - Қостанай тас жолы Қажымұқан кентіне дейін ғана ашық.

Құтқарушылар елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына шығудан бас тарту, сақ болу, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауды ұсынады.

Жел күшейген кезде ғимараттардан шықпай, үй-жайларда болуды ескертеді. Балаларды ерекше бақылауға алу және оларды қараусыз қалдырмауды қаперге береді.

«Егер қатты жел кезінде көшеде болсаңыз, жер асты өткелдерінде немесе ғимараттардың кіреберістерінде паналауды ұсынамыз, тіректерден, ағаштардан, билбордтардан, электр желілерінің тіректерінен және сымдардан аулақ болуға тырысыңыз.

- жеке автокөлікті ағаштар мен тозығы жеткен ғимараттардан қашық қою қажет;

- терезелерді, есіктерді, мұржаларды және желдеткіштерді мықтап жабыңыз;

- құрылыс объектілері халықты және аумақты қолайсыз ауа райының әсерінен қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдасын», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, «Қазгидрометтің» мәліметінше, 15 сәуірде Астанада қар, сырғыма боран, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел екпіні 23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 5-7 градусқа дейін күрт төмендеуі мүмкін.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде