{metadescription}
Сотталғандар заңсыз әрекеттер туралы шағымдарды электронды түрде түсіреді

Сотталғандар заңсыз әрекеттер туралы шағымдарды электронды түрде түсіреді

Бас прокуратураның бастамасымен пенитенциарлық жүйенің барлық мекемелерінде электрондық өтініштер терминалдары орнатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы жаңашылдықты іске асыру шеңберінде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті сотталғандарға мекеме әкімшілігінің бақылауынсыз өз құқықтарын қорғау үшін уәкілетті органдарға жүгінуге мүмкіндік беретін функционал әзірледі. Қазіргі уақытта бейне хабарлама функциясы енгізілуде.

Жалпы, электрондық форматта сотталғандар 8 мыңнан астам өтініш берген (2020-2023жж.). Терминалдарды орнату жазасын өтеушілерге мекеме әкімшілігінсіз шағымдар мен өтініштер жіберуге, оның қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағымдануға мүмкіндік береді.

Мысалы сотталған «Н» осы терминал арқылы Бас прокуратураға мекеме қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері, негізсіз тәртіптік жаза қолдану және ҚК 428-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тарту туралы тікелей хабарлай алды. Қазіргі уақытта терминалдар санын және оларды қолдану аясын ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұл процесті цифрландыру жабық мекемелердегі азаматтардың құқықтарын заңсыз әрекеттерден қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.