Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбеде құжаты жоқ 18 жастағы жүргізуші мектеп оқушысын қағып, оқиға орнынан қашып кетті
14 сәуір сағат 22:40 шамасында Әбілқайыр хан даңғылы мен Пацаев көшесінің қиылысында Ваз-2114 автокөлігі бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
14:15 17.04.2023
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сонан соң кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетіп, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кетті.
"Салдарынан 17 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ көлік жүргізушісі анықталды, ол жүргізуші куәлігі жоқ 18 жастағы жас жігіт болып шықты.ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жұргізілуде. Жүргізуші 2 жылға дейін бас бостандығынан айырлуы мүмкін", - деп жазады Ақтөбе облысының полиция департаменті.
Автокөлік Әбілқайыр хан даңғылындағы көпқабатты үйдің ауласынан әйнегі, бампері, капоты зақымданған күйінде табылды. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram